Үйірмелер мен
іс-шаралар
«Құлпынай» балабақшасында әр баланың жан-жақты дамуына және мектепке сенімді қадам басуына жағдай жасаймыз. Оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына негізделеді.

Балалардың жас ерекшеліктерін, жеке қабілеттері мен психологиялық және физикалық саулығын ескере отырып, ойын, зерттеу және шығармашылық арқылы оқытамыз. Монтессори әдістемесінің элементтері мен заманауи педагогикалық тәсілдер баланың дербестігін, қызығушылығын және өзіне деген сенімін дамытуға көмектеседі.

Даму бағыттары: қазақ, орыс және ағылшын тілдері, мектепке дайындық, эмоционалдық зияткерлік, ұсақ моторика, музыка, шығармашылық және құммен сурет салу. Тақырыптық жобаларда балалар жаңа білімді тәжірибеде қолданып, өз ойлары мен шығармашылық жұмыстарын ұсынады.
Қосымша үйірмелер: хореография және каратэ.
Үйірмелер:
АҒЫЛШЫН ТІЛІ
Ойын арқылы алғашқы сөздерді меңгеріп, ағылшынша сөйлеуге қызығушылығын оятамыз.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
Қимылды ойындар арқылы баланың ептілігін, төзімділігін және қимыл үйлесімділігін дамытамыз.
КАРАТЭ
Баланың өзіне деген сенімін нығайтып, тәртіп пен өзін-өзі бақылауға үйретеміз.
ХОРЕОГРАФИЯ
Би арқылы дене сымбатын, ырғақ сезімін және өзін еркін көрсету қабілетін дамытамыз.
Балабақшадан тыс жұмыстар
Балабақша іс шаралары
Made on
Tilda